Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынұлы-тәуелсіздік жаршысы» атты республикалық конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты Бүгінгі ұрпаққа ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының мұрасын насихаттау арқылы Қазақ еліне деген құрметін күшейту, ұлттық, патриоттық санасын ояту.

Модератор:  ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының директоры, т.ғ.д., профессор Б.Аяған.

Ғылыми конферецияға ЖОО-ның оқытушылары мен педагогтар, магистранттар, докторанттар қатысты. Конференцияның негізгі бөлімінде ҚР БҒМ Ғылым Комитеті Ш:Уалиханов атындағы тарих және этнология институының директоры т.ғ.д., профессор Кабулдинов Зиябек, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д., Мақсат Алпысбесұлы, Астана қаласы №40 орта мектебінің директоры Ербол Ісләмұлы, ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының бөлім басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Қалиев Жабай сынды ғалым ағаларымыз баяндама жасады.

Ғылыми конференцияның қорытындысында Ахмет Байтұрсынұлының мұраларын насихаттау мақсатында өткен «Ұлт ұстазы»  республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Ұлтымыздың аса қадірлі ұлы Ахмет мұраларын бүгінгі ұрпаққа қанша насихатталса соншалық ұлттық келбетіміз кемелденері сөзсіз. Өйткені, Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай:

Қазағым елім

Қайқайып белің

Сынуға тұр таянып… деп, сондай қызыл империяның қылышынан қан тамған қаһарлы күндерінде, «Ел бір күншіл менікі ертеңгі үшін» деп ұлт  болашағы жолында бар өмірлерін арнап, сол қиын-қыстау, аласапыран дәурдегі қазақ ұлтының барлық қиындығын көтере білген тұлғаларымызды бүгінгі ұрпаққа дәріптеу біздің басты мідетіміз екендігі сөзсіз.

Қазақ халқының ұлттық мемлекетін құруды басты мақсат тұтып, сол ұлы мұрат жолында өмірінің соңына дейін табандылықпен күрескен Ахметтердің ерлігі бүгінгі  ұрпағына мәңгі мұра болмақ!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here